jasqazaq.kz

Нұртас Адамбай: Қазақ тілін жетік меңгеруге тырысып жатырмын (видео)

16 наурыз 2017, 12:21

Белгілі кинорежиссер Нұртас Адамбай бұған дейін елді шулатқан тіл туралы жазбасына қатысты пікір білдірді. Айтуынша, кейбір желі оқырмандары оның айтар ойын дұрыс түсінбеген. Сол себепті оны сынап, тіпті, табалап жатқандар көбейген. Бұл олқылықтың орнын толтыруды көксеген Адамбай халыққа қазақ тілінде үндеу жолдады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Менің ойымша, әрбір азамат мемлекеттік тілді білуі қажет. Қазақстанда ол қазақ тілі. Әрбір адам өз ана тілін білуі қажет. Бірақ сонда да қазақ тілін білмейтін адамдарды, өкінішке орай, төмендету дұрыс емес деп ойлаймын. Қазақ халқын «таза қазақ», «шала қазақ» деп бөлудің қажеті жоқ. Өйткені бұл біздің мемлекетімізге үлкен зиянын тигізуі мүмкін. Қазақ халқы әрқашан бірлікте болуы керек.

Мүмкін мен қазақ тілін жетік меңгермесем де, енді жетік меңгеруге тырысып жатырмын. Басқаларды да соған шақырамын. Бірақ өз еркілерімен”, – дейді Нұртас Адамбай.

Til turali postka arnalgan undeu

Публикация от nurtasadambay (@nurtasadambay)

Есте болса, бұған дейін Нұртас Адамбай мемлекеттік тілдің маңыздылығын айтқан еді. Ол кезінде орыс тілді мектептердің сапалы білім бергенін алға тартып, сол кездегі жастарды қазақ тілін еркін меңгермегені үшін кінәламау керектігін жеткізді. Сондай-ақ, Нұртас Адамбай орыс тіліне алғыс айтып, оны білу біздің әлсіздігіміз емес, керісінше мықтылығымыз екенін мәлімдеді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық