
Атырау облысында 2014 жылдан бері бірде-бір балабақша пайдалануға берілмеген. Сондай-ақ, осы өңірде екі мектептің құрылысы аяқталмай тұр.
Бұл туралы үкімет отырысында Премьер- Министр Бақытжан Сағынтаев хабарлады. Ол осы облыстағы әлеуметтік нысандардың құрылысына байланысты өңір басшысы Нұрлан Ноғаевты сынға алды.
Б.Сағынтаев: « Үш жыл бойы балабақша құрылысы бітпей жатса, не бақылау жоқ, не бақылауға ынта жоқ. Сондықтан басқа қөзқараспен қарауыңызды сұраймын»,- деп талап етті