jasqazaq.kz

Н.Нығматулин: Парламентке сұлу сөз керек емес

09 қараша 2016, 15:17
nurlanБүгін Мәжiлiстiң жалпы отырысында палата төрағасы Нұрлан Нығматулин үкiмет мүшелерiнен депутаттардың сұрағына «әдемi» сөздердi тiзбей, нақты жауап берудi сұрады.

Отырыста 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы қаралды. Бұл маңызды мәселе бойынша депутаттардың Үкiмет мүшелерiне қояр сұрақтары көп болды. Халық қалаулыларының бiрi Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрi Тамара Дүйсеноваға халықты бiр өңiрден екiншiсiне көшiруге қатысты жұмыстың тиiмдiлiгiн сұрады. Бiрақ министрдiң жауабына Мәжiлiс төрағасының көңiлi толмаған тәрiздi.

«Тамара Босымбекқызы, сiзге және сұрақтарға жауап беретiн басқа да министрлерге өтiнiш жасағым келедi. Сiздердiң 2 сағат үзiлiссiз сөйлеудiң шеберi екендерiңiздi бәрiмiз жақсы бiлемiз. Әдемi сөздердiң жиынтығы парламентте керек емес. Нақты сұрақ қойылды – нақты жауап керек. Бүгiн жұмыс көп. Келiстiк пе?», — деп үкiмет мүшелерiне қарата айтты Н.Нығматулин.

Сондай-ақ отырыс барысында Мәжiлiс төрағасы министр Бишiмбаевтың да сөзiн бөлiп, «бұл мәселені бұқаралық ақпарат құралдарына кеңірек айтып берерсіз», — деді.

baq.kz

 

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты