jasqazaq.kz

Мысығын кір жуғыш машинаға салып жуған (Видео)

22 желтоқсан 2025, 12:53

Талдықорған қаласында әйел адам мысығын кір жуғыш машинаға салып жуған видеосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция департаментінің мәліметінше, Threads әлеуметтік желісінде кең қоғамдық резонанс тудырған бейнежазба тарады. Кадрдан мысықтың кір жуғыш машинаның барабанына салынғаны байқалады. Аталған жарияланым желі қолданушыларының наразылығын тудырып, құқық қорғау органдарының жедел әрекет етуіне негіз болды.

Бейнежазба жарияланған сәттен бастап полиция қызметкерлері жануарларға қатыгездік көрсету дерегі бойынша тексеру жұмысын бастады. Ролик авторы бұл әрекетін «әзіл» ретінде түсіндіріп, кір жуғыш машинаның барабанына су қоспай бір рет қана айналдырғанын, содан кейін жануарды бірден шығарғанын мәлімдеді.

Тексеру барысында мысық ветеринар дәрігердің қарауынан өтті. Маманның қорытындысына сәйкес, қазіргі уақытта жануардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Дегенмен, бұл жағдай бойынша мысық иесі жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Құқық қорғау органдары ескертеді: жануарларға стресс, ауырсыну немесе ықтимал қауіп төндіретін кез келген әрекет – себептері мен жариялау формасына қарамастан жол берілмейді.

Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары! «Әзіл» мен шынайы өмірдің арасында нақты шекара болуы тиіс. Қаралым мен лайкқа ұмтылу қатыгездікті ақтай алмайды. Жануарлар — контентке арналған реквизит емес, олар қамқорлықты, жауапкершілікті және құрметті қажет ететін тірі жандар», – делінген хабарламада.

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді