jasqazaq.kz

Мүмкіндігі шектеулі жандар мұңаймасын деп…

23 ақпан 2023, 12:41

Мейірім шуағы

Алматы қаласында орналасқан «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 263 адам тұрып жатыр. Мұнда екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, тыл ардагерлері, соғыс ардагерлерінің жұбайы, Ауған соғысына қатысушы, ғасыр қасіреті саналған Семей полигонының жабылуына қозғау болған «Невада-Семей» қозғалысына қатысушылар, зейнеткерлер, және мүмкіндігі шектеулі жандар тұрады.

Біз «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшысы Тұрарбек Тұманшиевтен мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін қамқорлық, қарттардың күй-қуаты жөнінде сұрап сұхбат алдық.

Jas qazaq: Өзіңіз басшылық ететін орталықта мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін қамқорлық ерекше екені қызмет түрлерінен аңғарылады.

Тұрарбек Тұманшиев: Біздің орталыққа мүмкіндігі шектеулі жандарды қабылдау талабы өзгерген. Мүгедектігі туралы анықтамасы бар, өзін-өзі асырауға шамасы келмейтін жандарды қабылдаймыз. Бүгінгі күнде орталығымызда тұратын жандардың ішінде 89 адамның мүмкіндігі шектеулі. Олардың 68-і ер адам, 21-і әйел кісі.

Jas qazaq: Бұл жандардың қажеттілігін өтеуге, яғни өздерінің жеке шаруасымен сыртқа шыққанға, басқа жерге барғанға апарып-әкелетін Инватакси көліктері бөлінді ғой сіздерде. Тасымалдау көлігіне деген зәрулік жоқ шығар?

Тұрарбек Тұманшиев: Орталығымыздағы тұрғындар, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандардың қажеттілігі үшін мемлекетімізден қаржы бөлініп, Инватакси берілген. 2020 жылдан бері орталықтағы мүмкіндігі шектеулі жандар емханаға, басқа да медициналық орталықтарға баратын болса, Инваткаси көлігін пайдаланады. Басқа да әлеуметтік мәселелері бойынша мекемелдерге баруы қажет болғанда осы көлікпен апарып, алып келеміз.

Jas qazaq: Тағы бір көңіл қуантатыны, осы орталықтың заңгерлері қарт адамдардың коммуналдық қызметке төлемін, басқа да банкпен байланысты жұмыстарын іске асыруға қолдау көрсетеді ғой?

Тұрарбек Тұманшиев: Дұрыс айтасыз, орталықта құқық саласын жетік білетін екі заңгер істейді. Р. Құрмашева, А.Жақыпова деген екі заңгеріміз «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы жандардың коммуналдық төлемге қатысты, банк қызметіне байланысты, басқа да мәселелер бойынша заңгердің көмегі қажет болған жағдайда көмектесіп, қызмет алушылардың туындаған мәселелерін заңға сәйкес сауатты түрде шешуіне барынша атсалысады.

Jas qazaq: Орталықта мүмкіндігі шектеулі жандардың арбамен жүріп-тұруына барлық жағдай жасалған ба? Баспалдақтан түсетін, жоғары көтерілетін пандустар бар шығар?

Тұрарбек Тұманшиев: Онсыз бола ма, мүмкіндігі шектелген адамдарға арбамен жүріп-тұруына барлық жағдай жасалған, оның ішінде баспалдақпен түсетін, жоғары көтерілетін пандустар бар. Соынмен қатар, әр блокта лифт бар. Әр адамның жуынатын бөлмесінде ұстайтын тұтқалар да орнатылған.

Jas qazaq: Әлеуметтік қызмет орталығында мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлер де бөліне ме?

Тұрарбек Тұманшиев: «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететін әлеуметтік істер жөніндегі мамандарымыз – 8 адам. Олар 3 блокта қызмет көрсетеді. Әлеуметтік мамандар әлеуметтік порталы арқылы мүмкіндігі шектеулі жандарға жеке оңалту жұмыс жоспары бойынша ұсыныстары мен тапсырыстарын беріп, келуін қадағалайды. Сондай-ақ олардың күнделікті туындап отырған әлеуметтік мәселелерін шешуге тырысады.

Jas qazaq: Орталықта өтетін мәдени іс-шаралардан мүмкіндігі шектеулі жандар да шет қалмайтын болар.

Тұрарбек Тұманшиев: Әрине, тағдыр тауқыметін тартып, денсаулығы сыр беріп, арбаға таңылған жандардың көңілін көтеру мақсатында түрлі мәдени іс-шараларды жиі ұйымдастырамыз. Мәдениет саласы бойынша ұйымдастырушылар мен музыкалық жетекшінің іс-шаралары жоспар бойынша өтеді. Елімізде атап өтілетін мемлекеттік және ұлттық мерекелерді, басқа да мерекелік және мерейтойлық күндерді елдің аға буынына және мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған іс-шараларды өткізуге негізделеді. Осындай игі шараның біразына тоқтала кетейін. Өткен жылдың соңында орталықта жаңа жыл мерекесі ұйымдастырылып, түрлі сыйлықтар таратылды. Роза Рымбаева, Гүлмира Нәлібай, Есет Садуақасов сияқты әншілер келіп әннен шашу шашып, мүмкіндігі шектеулі жандардың, қарттарымыздың көңілін бір көтеріп тастады. Сондай-ақ Ақбота Керімбекованың концертін тамашалады. «Талисман» еріктілер тобы орталықтың қызмет алушыларымен «Келінжан» фильмін бірге көріп келді. Ақын Исраил Сапарбайдың 80 жасқа толу мерейтойына орай ұйымдастырылған «Төрткүл дүние – төрт мезгіл» атты әдеби-музыкалық кештің қонағы болды. Былтыр орталығымыздағы ата-апаларымыз «SUNNY SHOW» халықаралық цирк бағдарлмасын тамашалады. 1 қазан — Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік концерт өткіздік орталығымызда. Мерекелік кеште Медеу Арынбаев, Қуаныш пен Қарлығаш, Гүлжамал Тауышова, Нысанбай Бағдат, тағы басқа да өнер саңлақтары өнер көрсетті. Тағы бір айта кететін жайт, әр ай сайын қызмет алушылардың туған күндері атап өтіледі. Орталықта концерттер, отандық эстрада жұлдыздарының, жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің, мектеп оқушыларының, еріктілердің қатысуымен кездесулер ұйымдастырылады. Вокал, хормен ән айту бойынша сабақтар өткізіледі. Мұның барлығы да қарттарымыз және мүмкіндігі шектеулі жандардың көңіліне медеу болсын деген мақсатта жүзеге асырылады.

Jas qazaq: Әңгімеңізге рахмет!

Қуаныш Рахмет

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата