jasqazaq.kz

Мұхтар Шаханов өзінің атынан таралып жатқан мәлімдемені жоққа шығарды

05 ақпан, 11:18

Белгісіз желі қолданушылары Фейсбук әлеуметтік желісінде халқымыздың бірегей тұлғасы, айтулы ақын Мұхтар Шахановтың жалған парақшасынан «Мемлекеттік тіл үшін өлуге де, сотталуға да болады» деген мәтінді пайдалана отырып, фейк ақпараттар таратуда.

Осы мәселенің анық-қанығын білу үшін журналист Арман Әубәкір ақынның өзімен тікелей сұхбаттасқан. Сұхбат барысында Мұхтар Шаханов өзінің атынан тараған ақпараттың жалған екенін мәлімдеп, әлеуметтік желі пайдаланбайтынын жеткізді.
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қалыптасуына зор үлес қосқан ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың атын жамылып жалған ақпарат таратушылар ел ағасының беделін пайдаланып, жасына қарамастан, ештеңеден тайынбай саяси тапсырыспен арандатушылық әрекеттер жасауда.
Мұндай фейк ақпараттардың негізгі мақсаты қоғамға жік салу, жұртшылықты бір-біріне қарсы қою екені анық.
Айта кетейік, қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін еліміздің заңнамасында жауапкершілік қарастырылған. Яғни, шындықты бұрмалап жариялағандар мен көрінеу жалған ақпарат таратқан азаматтар әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

JQ-Aqparat

Фото: ашық дереккөзден

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді