jasqazaq.kz

Мөлдір Әуелбекова: Ән айту харам болса, Алла берген даусымды қайтемін!

06 ақпан 2023, 14:25


Орамал тағынып, дін жолын таңдаған танымал әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі оқырмандарынан кеңес сұрады, — деп жазды JQ-Aqparat.

«Ән айту харам ба, халал ма» деген мәселенің басын аша алмай отырған Әуелбекова желідегі оқырмандарынан ақыл-кеңес сұрап, ойларын ортаға салуын өтінді.

«Адам баласы иманы күшейген сайын, ақыретін көбірек ойлап, сол тарапта көбірек амал жасауға тырысады. Соңғы кезде мені қатты толғандыратын мәселе: музыка — арам (харам) әлде, адал (халал)? Әсіресе: “қыз баланың дауысы әуретке жатады” — дегенді де оқып, естуім бар… Мүмкін сол үшін де, қыз баласына дауыстап Құран, намаз оқуға рұқсат жоқ… Әнім харам болған жағдайда, Алла берген мына дауысты қайтейін??? Осы мәселе бойынша ойларыңызбен бөліссеңіздер? Мүмкін Құран аятын мысалға келтіретіндеріңіз бар шығар, жазып өтіңіздер. Маған көмектеріңіз керек! Алла Сіздерге разы болсын», — деп жазады әнші.

Желідегі жұрт та тиісті жауабын беріп, пікірлерін білдірді.

«Неге сонша өлімді ойлап дінге беріліп жүрсіңдер бәрің? Оданда ғылымды неге ойламайсыңдар?! Адамзатқа пайдаң тисе мың сауап алмайсың ба», «Әйел адамның даусы бөтен еркектерге харам делінген, бір сахабаның жұбайы үйде отағасы жоқта біреу есік қақса, аузына тас салып барып кім екенін сұраған өз даусын жасыру үшін», «Мөлдір, жаным сол саған дауысты Алла берді. Нәпақасы, жейтін наның осы даусымен тапсын деп. Сол даусың арқылы басыңа бақ берді. Ол бақ елдің, көптің, халықтың ықыласы. Ал Халық Құдайдан бір саты төмен деген», — дейді әншінің оқырмандары.

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата