jasqazaq.kz

Өмір бойы бас бостандығынан айырылды

28 қараша 2016, 17:05

a0tobe

Бүгін Ақтөбе облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ағымдағы жылдың 5 маусымында орын алған теракт бойынша айыптыларға үкім шығарылды. Сот 7 адамды өмір бойы бас бостандығынан айырып, оларды ерекше режимде жазасын өтеу туралы жазаға кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Тағы екі негізгі айыпталушы Жұбанов Айдос пен Абдрахманов Азаматтың жазасын 22 және 20 жылға ерекше режимде өтеуге кесті. Қолға түскен 29 күдіктінің ішінде 9-ы басты айыпталушылар болатын. Оларға бірқатар қылмыстар бойынша, соның ішінде теракт жасады деген айып тағылып отыр. Айта кетерлігі, бұған дейін мемлекеттік айыптаушылар Жұбанов Айдосқа 25 жыл және Абдрахманов Азаматқа 22 жыл, ал қалған жетеуі Бақыт Қуанышбаев, Асхат Иманғалиев, Садихов Ануар, Әлібек Ақпанбетов, Асхат Рахметов, Жаңабай Қуанышбаев, Арсен Таңатаровтарға өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын. Сот олардың 7-еуіне өмір бойы бас остандығынан айыру туралы үкім шығарды. Қылмыскерлердің мүліктері тәркіленіп, жазасын ерекше режимде өтейтін болады. Қалған 18-не қылмыс туралы құзырлы органдарға хабарламау (ҚР ҚК 434 бабы), 2-еуіне қылмысты жасыру әрекеттері (ҚР ҚК 432 бабы) бойынша айып тағылуда. Сонымен қатар, Ақтөбеде 2016 жылдың 5 маусымы күні болған террористік актіге қатысқан Абдрахманов пен өзге де азаматтардың қылмыстық істері бойынша, сот 21 қараша күні айыпталушылардың соңғы сөздерін естіген еді. Бірқатар қылмыстар жасаған, соның ішінде террористік акт ұйымдастырды деп сотталғандар мен айып тағылған азаматтар істеген әрекеттеріне өкінетіндерін айтып, сот өкілдеріне өмір бойына қамауға алу туралы үкім шығармау жөнінде өтініш жасап, отбасылары мен балаларына қайтқылары келетіндіктерін айтқан. Сотталған А.Ж.Жұбанов пен А.А.Абдрахманов (террорлық актінің қатысушылары) та сот қызметкерлерінен қатаң үкім шығармауды сұрады. Қылмыс туралы құзырлы органдарға хабар бермегені және қылмысты жасырғаны үшін сотталғандар (Гацаевтан басқасы) сотта істеген әрекеттерін мойындап, соттан бас бостандығынан айыру жазасын қолданбауды сұрады. Р.М.Гацаев болса сот өкілдерінен өзін ақтап шығуды сұрады. Айта кетейік, Ақтөбеде теракт 5 маусым күні болды. Террористердің тобы «Паллада» және «Пантера» атты қару-жарақ дүкендері мен №6655 әскери бөліміне қарақшылық шабуыл жасап, соның салдарынан 8 адам мерт болды. Олардың 3-уі әскери қызметкерлер. Терроризмге қарсы бағытталған операция барысында 18 адамның көзі жойылып, 9 адам құрықталды.

 

ҚазАқпарат

 

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты