jasqazaq.kz

Министрлік спортшыға сыйақысын беретін болды

09 наурыз 2023, 11:54

Ауыр атлет Денис Уланов жазғы Олимпиада ойындарының қола медалін иеленгені үшін мәдениет және спорт министрлігінен 45 мың АҚШ доллары көлеміндегі сыйақысын алатын болды. Сот солай шешті.

2016 жылы Бразилияда өткен жазғы Олимпиада ойындарында Денис Уланов 85 келі салмақта жүлдеге сынық сүйем жетпей, төртінші орынмен тоқтаған болатын. Төртінші орын алғаны үшін мемлекеттен 30 мың АҚШ доллары сыйақысын алған да. Арада біршама уақыт өткенде Рио олимпиадасының қола медалін иеленген румыниялық ауыр атлет Г.Синкраян допинг дауына ілігіп, медалінен айырылды. Қола жүлде ресми түрде біздің Денис Улановқа берілді. Елімізде Олимпиаданың алтын медалін алған спортшыға 250 мың, күміс медаль алғанға 150 мың, қола жүлде еншілеген спортшыға 75 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы беріледі. Уланов уысына түскен қола медалі үшін қалған 45 мың доллары сыйақысын сұраған. Алайда министрлік нормативтік-құқықтық актілер жоғын алға тартып сыйақы айырмашылығын қайта қараудан бас тартқан еді. Ауыр атлет амалсыз сотқа жүгінді. Бірінші сатыда-ақ спортшының талабы орынды деген шешім шықты. Бірақ оған министрлік қарсы шағым түсірді. Бір жылдан аса уақытқа созылған іске нүктені жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы қойып, сыйақыны қайта қараудан бас тартуды заңсыз деп тапты.

«Нұр-сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 10 наурыздағы шешімі, Нұр-сұлтан қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 31 мамырдағы осы іс бойынша қаулысы күшінде қалсын. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын», — деп жазылған қаулыда.

JQ-Aqparat

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата