jasqazaq.kz

Министрлік дін саласы бойынша семинар-кеңес өткізді

15 ақпан 2023, 19:15

Бүгін ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің төрағалығымен дін саласы бойынша арнайы семинар-кеңес өтті.

Семинарға құқық қорғау органдарының өкілдері, дін істері басқармалары және дін проблемаларын зерттеу орталықтарының басшылары қатысты.

Жиын барысында министр елдегі діни ахуалға, дін саласының маңызды мәселелеріне, қазіргі жағдайдағы сын-қатерлерге тоқталып, сала бойынша ауқымды міндеттердің шешу жолдарын атап өтті.

Іс-шарада еліміздің діни саласын реттеу бойынша жұмыстың үш негізгі бағыты әңгіме болды.

Олар:
1) атаулы ақпараттық-түсіндіру жұмысы;
2) интернет кеңістікте радикалды идеологияға қарсы тұру;
3) деструктивті діни ағымдардың идеологиясынан зардап шеккен жандарды оңалту.

Өзара пікір алмасу барысында мамандар өздерінің кәсіби тәжірибелері туралы айтып, жоғарыда аталған бағыттар бойынша маңызды мәселелерді талқылады.

JQ-Aqparat

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті