jasqazaq.kz

Министрлік аймақтық БАҚ-ты дамытуды қолға алмақшы

19 қараша 2016, 21:13

 
daurenҚымбатты достар, бүгін біздің министрлік ұйымдастырған аймақтық БАҚ форумына қатыстым. Жиын барысындағы алғашқы панелдік сессия қазақстандық медиа-нарықтағы дағдарыс-менеджментке арналды, деп жазды ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзінің фейсбуктегі парақшасында.

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев аймақтық БАҚ форумында өз ведомствосының ұстанымы туралы мәлімдегенін айтты.
«Алайда, талқылау барысында жергілікті баспасөзді дамытудың қордаланған проблемалары да сөз болды. Оның ішінде, облыстық газеттердің тағдыры мен оларды жекешелендіру мүмкіндігіне қатысты министрліктің ұстанымына тоқталдым. Бұл мәселеге қатысты дүйсенбі күні облыстық әкімдіктермен және аталған басылымдардың редакторларымен селекторлық кеңес өткізіп, көп болып кеңесе отырып, тиімді шешімге келу жөнінде уағдаластық», – деді ол .
Жиын барысында министр қатысушылардың ұсынысы мен министрліктің аймақтық БАҚ-ты дамыту бағдарласын әзірлейтіндігін жеткізді.
«Форумға қатысушылар нақты аймақтық медианы дамыту мен қолдау мәселелерімен айналысатын қоғамдық бірлестік құру жөнінде ұсыныс көтерді. Біз аталған мәселені қарастыратын боламыз, мен бұл жөнінде тапсырма бердім.Сонымен қатар, министрліктің аймақтық БАҚ-ты дамыту бағдарламасын әзірлеуді көздеп отырғанын хабарладым. Бұл жаңалықты аудитория қуанышпен қабылдады. Тұтастай алғанда, талқылау белсенді түрде өрбіді. Бұдан әрі болатын екі сессияға қатысушылар үшін пікірталастың табысты өтуіне тілектеспін», – деді басшы.

 

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық