jasqazaq.kz

Министрлік: 56 мектеп лицензиясыз жұмыс істеген

01 ақпан 2023, 11:45


Былтыр елімізде 56 білім беру ошағы лицензиясыз жұмыс істеген деп хабарлайды JQ-Aqparat Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне қарайтын аумақтық департамент мамандары білім беру ұйымдарына мониторинг жүргізген. Құқық бұзушылық анықталып, сорақысы сол, бір емес бақандай 56 мектеп лицензиясыз бала оқытқан. Оның ішінде 16 мектеп жеке меншік мекеме саналады. Балаға білім беруге рұқсат қағазын алмай, заңға пысқырмағандар Астана мен Алматыда, Атырау, БҚО, Түркістан, Маңғыстау, Алматы, Жетісу, Жамбыл облыстарында жұмыс істеген.

«Бүгінгі таңда 11 мектеп білім беру қызметіне лицензия алды. Үш мектептің материалы соттың қарауында. 42 мектепке қатысты сот лицензиясыз қызмет көрсеткені үшін айыппұл тағайындау туралы қаулы шығарды. «Заңнамаға сәйкес, барлық мектептер білім беру қызметін бастамас бұрын рұқсат алуы керек. Мектепте білім берумен айналысу құқығы лицензия алған сәттен бастап қана беріледі. Лицензиясыз жұмыс істейтін мектептерге қатысты министрліктің аумақтық департаменттері әкімшілік іс қозғады. Бүгінгі таңда сот шешімімен 42 мектепке лицензиясыз білім беру қызметін жүргізгені үшін айыппұл салынды. Егер мектеп заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген сәттен бастап алты ай ішінде лицензия алмаса, онда ол сот тәртібімен жұмысын тоқтатады» деді Оқу-ағарту министрлігінің білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов.

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата