jasqazaq.kz

Министрлерге кабинеттен жиі шығуға тура келеді

31 қантар 2023, 14:44

Үкімет отырысында ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі министрлердің халықпен кездесуіне қатысты бірнеше ұсыныс айтты.

«Сіздің 2022 жылдың 9 тамызындағы Үкімет отырысында берген тапсырмаларыңыз уақтылы орындалды. Мәселен, мемлекеттік органдардың ашықтығын бағалау әдістемесіне «Халықпен кездесу» атты жаңа индикатор енгізілді. Енді министрлердің халықпен кездесуі мен оның нәтижелерін ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бағалайтын болады. Сондай-ақ, Жарлық талаптарына сәйкес, Үкімет қаулысымен (2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1135) Орталық атқарушы орган басшыларының халықпен 2023 жылға арналған кездесу кестесі бекітілді», — деді Дархан Қыдырәлі.

Ақпарат министрі былтырғы тәжірибені негізге ала отырып, халықпен кездесуге қатысты бірнеше ұсынысты ортаға салды:

«Біріншіден, мәдениет үйлерінде және Орталық коммуникациялар қызметінің алаңдарында ғана халықпен кездесумен шектелмей, азаматтардың өтініштерінде көрсетілген проблемалық мекенжайларға барып, жағдайды көзбен көрген дұрыс деген ойдамыз. Екіншіден, министрлердің өңірлерге сапарын тек орталық атқарушы органдардың сайттарында ғана емес, жергілікті деңгейде, әсіресе өңірлік БАҚ-та және әлеуметтік желілердегі танымал парақшарларда жиі жариялауды қамтамасыз еткен жөн».

Үкімет қаулысымен бекітілген Кесте министрлердің ғана халықпен кездесулерін реттейді.
«Жарлық талаптарына сәйкес, министрлермен қатар, вице-министрлер мен ведомство төрағаларының да өңірлерге шығуы қажет деген ойдамыз. Сондықтан мемлекеттік органдар вице-министрлер мен комитет төрағаларының кездесулері жөніндегі ведомстволық жоспарларды бекітіп, министрлердің кездесулерімен қатар, АҚДМ-ге әрбір кездесу бойынша есеп бергені дұрыс деген ойдамыз», — деді Дархан Қыдырәлі.

JQ-Aqparat

09 маусым, 12:56
Туркестанский регион станет цветочным хабом
09 маусым, 12:54
Туркестанская область усиливает инвестиционно-технологическое сотрудничество с Китаем
08 маусым, 13:31
Туркестан: Реализация инвестиционных проектов находится на постоянном контроле
08 маусым, 13:27
В Туркестанской области объем валовой продукции сельского хозяйства достиг 206 млрд тенге
08 маусым, 13:16
Туркестан: В Сарыагашском районе модернизируют систему питьевого водоснабжения
08 маусым, 13:12
Предприятие в Кентау перерабатывает пластиковые отходы и экспортирует продукцию за рубеж
05 маусым, 17:13
Көлік министрі Қонаевтағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарымен танысты
04 маусым, 13:33
Нурсултан Данабайулы: Расширение сферы применения государственного языка - наша общая задача
04 маусым, 13:28
Туркестан: Поддержка предпринимателей — важный фактор устойчивого развития экономики