jasqazaq.kz

Министр: Жарты жылда қазақша үйренемін

18 қантар 2017, 14:47

Жаңадан тағайындалған ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Мәскеуде жұмыс істеп жүргенде ұмыт болған қазақ тілін қайта үйренуге уәде берді.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов алты ай ішінде қазақ тілін үйреніп шығуға уәде берді.

«Мәскеуде бес жыл бойы қызмет етіп, туған тілімді ұмытып қалдым. Бірақ алты ай ішінде үйреніп аламын», — деді Сүлейменов тілшілерге сәрсенбі күні мәжіліс отырысынан соң.
Ол, сонымен бірге, министр үшін салыстырмалы түрде әлі жас екендігі туралы ойын білдірді, биыл Тимур Сүлейменов 39 жасқа толады. «Мен өзімді жас деп санамаймын. Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жастықтың шегін 50 жасқа дейін кеңейтті емес пе. Бұлай есептейтін болсақ, бүкіл министрлер кабинеті жап-жас болып шыға келеді. 22 жасында мамандықты игерген азаматтың мен сияқты 39-ға келгенде 17-18 жыл жұмыс тәжірибесі болады, сол себепті ондай маманды жас деп атауға аузың бармайды», — деді ол.

sputniknews.kz

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты