jasqazaq.kz

Министр пияз бағасының өсуін түсіндірді

07 ақпан 2023, 13:52

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев еліміздегі пияз тапшылығы мен бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды JQ-Aqparat.

«Иә, Магнум, Смолл желілерінде пияздың бағасы 340 – 400 теңге. Бұл пияз айналасындағы соңғы уақыттағы ажиотажға байланысты. Пияз нарығындағы жағдайды бақылап отырмыз. Өткен жылы елімізге 1,5 миллион тонна пияз әкелінді. Оның 1 миллион 100 мыңы Жамбыл облысына жеткізілді. Кейін пияз экспорттаушы Пәкістандағы табиғи құбылыстардың салдарынан (су тасқыны, ауа райының аяқ астынан суытуы) пияз жеткізу көлемі азайды. Сонымен қатар көршіміз Өзбекстанда пиязға сұраныс артты. Осы жағдайларды ескере отырып, біз пияз экспортына уақытша шектеу қойдық», — деді Ербол Қарашөкеев Үкімет үйінде өткен брифинг барысында.
Оның айтуынша, пияз бағасы бақылауда.

«Бүгінде Жамбыл облысында 100 мың тонна пияз қоры бар. Бұл келесі егіс маусымына дейін жеткілікті. Қазір көтерме баға 150 теңгеден 230 теңге арасында ауытқуда. Бұл құбылыс логистикамен байланысты. Жақын арада мәселе реттеледі. Елімізде пияз бар. Статистикаға сүйенсек, ақпанның басында, Астанада пияздың келісі 190 — 210 теңге болды», — дейді ол.

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті