jasqazaq.kz

Министр қағазбастылықтан арылуды ұсынды

09 наурыз 2023, 13:48

Сенаттың жалпы отырысында ішкі істер министрі Марат Ахметжанов цифрландыру қызметтің барлық салаларына белсенді енгізіліп жатқанын хабарлады.

«Қызметкерлерге жүктемені азайту мақсатында тергеудің электрондық форматы енгізіледі. Жыл қорытындысы бойынша полиция осындай тәртіппен қылмыстық істердің 91 пайызын, 207 мыңның 193 мыңын тергеді. Тергеу әрекеттерін бейнетіркеу әдісі кеңінен қолданылады. Бұл ретте бейнематериалдың мазмұнын қайталай отырып, егжей-тегжейлі хаттама жасалады» деді М.Ахметжанов.

Министр бұл ескірген және бюрократиялық талаптар деген пікірде. Сондықтан Қылмыстық-процессуалдық кодекске қысқаша хаттама жасауды көздейтін түзетулер енгізу ұсынылды. Онда техникалық құралдарды қолдану, өткізу уақыты, сондай-ақ деректердің қысқаша мазмұны туралы ақпаратты көрсету жеткілікті. «Бұл азаматтардың конституциялық құқығын қорғау деңгейін арттыруға, уақыт пен еңбек ресурстарына шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді, — деді Марат Ахметжанов.

Сенаттың жалпы отырысында «Қылмыстық сот ісін жүргізу, жаза атқару саласындағы адам құқықтары, сондай-ақ азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттердің алдын алу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланып, бірінші оқылымда мақұлданды.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде