jasqazaq.kz

Министр банкроттық туралы өтініштерді қабылдау қашан басталатынын айтты

11 қантар 2023, 11:22

Премьер-министрдің орынбасары — Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанда банкроттық туралы өтініш беру рәсімі 2023 жылдың 3 наурызынан басталатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«2022 жылғы 30 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін және банкроттығын қалпына келтіру туралы» заңға қол қойылды. Заң 1 қаңтарда ресми түрде жарияланды. Банкроттық туралы өтініштерді қабылдау 3 наурыздан басталады», — деді Жамаубаев.

Бұл құжат кредитін төлей алмай, қиындыққа тап болған жеке тұлғалардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

Заңда рәсімдердің үш түрі қарастырылған:
▪️соттан тыс банкроттық
▪️сот арқылы банкроттық
▪️қабілеттілігін қалпына келтіру

Мұндай рәсімдерге қарыз алушының өзі ғана бастамашы бола алады. Азаматтардың міндетті түрде қаржылық сауаттылықты арттыру курстарынан өтуі көзделіп отыр. Осы шаралардың барлығы банкроттық рәсімінен кейін азаматтың төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге және борыштық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

«Заң күшіне енгеннен кейін азаматтардың да жауапкершілігі артады. Алдағы уақытта жылдам қарыз алу үшін кредит тарихының дұрыс болуына азаматтардың өздері мүдделі болуы тиіс. Банкрот деп мойындау қарыздарды төлемей кету емес, тек шарасыз жағдайдағы көмек екенін әркім білуі керек», — деп қорытындылады министр.

Бүгін, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
Бүгін, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
Бүгін, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
Бүгін, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка