jasqazaq.kz

Министр БАҚ өкілдеріне жасалған шабуылдар жайында: Біз әрдайым журналистер жағындамыз

31 қантар 2023, 12:44

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне жасалған түрлі шабуылдар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қыркүйек айынан бері 6 рет арнайы мәлімдеме жасадым. Ақтөбедегі оқиғадан бастап журналистердің құқығын қорғауға, оларға әрдайым қолдау көрсетуге дайын екенімізді айттық. Ол туралы әлеуметтік желіде де, жеке өз аккаунттарымда да баяндадым. Сонымен қатар, ол журналистермен кезедстім, сөйлестім. Мысалы, Самал Ибраевамен әңгімелестік. Сол сияқты Гүлжан Ерғалиевамен кездесіп, басқаларға да қолдау көрсетуге әзір екенімізді жеткіздік. Мемлекет басшысы арнайы тапсырма берді. Сол бойынша кейбір күдіктілер ұсталып жатыр. Сондықтан өз бақылауымызда ұстап отырмыз. Әр уақытта журналистердің жағында және оларды қолдауға әзір екенімді тағы да айтқым келеді», — деді ол.

Министр журналист Динара Егеубаеваға жасалған шабуылдың тапсырыс берушілері туралы да пайымын айтты.

«Ол бойынша қазір тергеу жүріп жатыр. Жақында қорытындысы айтылады деп ойлаймын. Жалпы 5 адамды тапты. Бірақ оларға тапсырыс беруші кім? Бұл жөнінде Мемлекет басшысы да анықтап айтты. Тек қана орындаушылар емес, бұларға тапсырыс берушілерді де анықтау керек. Мұнымен құқық қорғау органдары айналысады. Сондықтан жақында жауабын білесіздер деп ойлаймын», — деді Дархан Қыдырәлі.

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді