jasqazaq.kz

Миллионға салынған емхана құлағалы тұр

12 тамыз 2016, 11:15

Атырау облысында пайдалануға берілгеніне небары 2  жыл болған емдеу мекемесінің жағдайы мүшкіл. Алға ауылындағы емхана іске қосылғанда мұндағы жұрт қатты қуанған. Бірақ ол ұзаққа созылмады, –  деп хабарлайды КТК арнасы.

Мемлекеттің миллиондарына салынған нысан сыр берді. Ең қиыны –  емханадан ішерге де, жуынарға да бір тамшы су таппайсыз. Есесіне, осында жұмыс істейтін қызметкерлер тіршілік нәрін үйлерінен пластмасса бөтелкемен тасып, амалдап отыр.

Алға ауылындағы 2 мыңнан астам адамға қызмет көрсететін емханада қажетті құрал-жабдықтың бәрі бар болғанымен, ғимаратының ішкі-сыртқы жағдайы ұнамайтын болуы керек, келушілер де көп емес.

«3 айдан кейін емхананың бөлмелері бұрыш-бұрыштан жарылып, төбелерімізден топырақ түсе бастады. Аурулардың көзіне топырақ түсіп кете ме деп, керуетті әр жерге апарамыз. Мынандай ыстықта қазір су жоқ, суды үйімізден тасимыз», – дейді Алға ауылы емханасының акушері Сәния Шомырова.

Ең сорақысы сол – нысан ешкімнің иелігіне алынбаған. Қызметкерлердің сөзіне сенсек, тіпті қажетті құжаттарының жоқ болуы себепті, жөндеуге де ақша ала алмай отыр. Емхана құрылысын жүргізген мердігер мекемеге әуелгі кездері кішігірім жөндеу жасағанымен, кейін кепілдік мерзімінің біткенін айтып, ізін жасырған. Ал ауыл әкімінің айтуынша, халықтың басқа барар жері болмағандықтан, құжаты қаттаулы тұрмаса да, емхана амалсыздан жұмыс істеуге мәжбүр.

Ал кезінде емхананы салу үшін тапсырыс беріп, қазынадан қыруар қаржы бөлдірген Атырау облыстық құрылыс басқармасы аталған нысанға қатысты ауыз ашпай отыр. Тіпті, кезінде қанша қаржы жұмсағандарын да ұмытып қалыпты.

Тек белгілісі – су жаңа емхананың апатты немесе апатты емес екенін анықтаумен айналысып жатыр екен.

 

nur.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық