jasqazaq.kz

Месси – әлемнің үздік футболшысы

28 ақпан 2023, 11:03

Әлемдік футбол федерациясы (FIFA) өткен жылдsң үздік ойыншысын анықтады. Аргентина құрамасы мен Францияның «ПСЖ» (Пари Сен Жермен) клубының ойыншысы Лионель Месси үздік деп танылды. Месси осымен екінші рет әлемнің үздік футболшысы атағына қол жеткізді. 2019 жылы да Мессидің бағы жанған еді. Бұл жолы әлемнің таңдаулы футболшысы марапатынан Леодан бөлек «Реал Мадрид» клубының шабуылшысы Кәрім Бензема, «ПСЖ»-нің тағы бір шабуылшысы Киллиан Мбаппе де дәмелі болды. Былтыр қыста Қатарда өткен әлем чемпионатында жеңіс шыңына көтерілген Аргентина құрамасының бас бапкері Лионель Скалони үздік бапкер атағын алды.

Әлемнің үздіктерін FIFA БАҚ өкілдері, ұлттық құрама бапкерлері мен капитандары, әлемдік футбол федерациясының сайтына тіркелушілер дауыс беріп анықтайды. Үздік қақпашы атағы Аргентина құрамасының бас қақпашысы Эмилиано Мартинестің еншісіне жазылды.
Әйелдер арасында әлемнің үздігі атағы каталондық «Барселона» клубының ойыншысы Алексиа путелласқа бұйырды. Әйелдер құрамасының үздік бапкері аталымы Англия құрамасының бапкері Сарина Уигманға, үздік әйел қақпашы атағы «Манчестер Юнайтед» клубының һәм Англия ұлттық құрамасының қақпашысы Мэри Ирпсқа тиді.

Пушкаш атындағы үздік гол аталымы «Варта» (Познань) парафутбол клубының ойыншысы поляк Марчин Олексиге бұйырды. Олекси 2010 жылы жол апатына түсіп, аяғынан айырылған футболшы.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде