jasqazaq.kz

Мешiтте уағыз орысша айтыла ма?

22 қыркүйек 2016, 13:13

f483277db36ab8a6b9404180627222c8

Қазiр мешiттерде уағызды орыс тiлiнде де оқу мәселесi қарастырылып жатыр. Бiрақ әлi шешiм қабылданған жоқ.  Бұл туралы бүгін Астанада дiн iстерi және азаматтық қоғам министрi Нұрлан Ермекбаев хабарлады.  

Ол осыған орай, «Мешiтке келетiн жамағаттың барлығы имамдардың қазақша, арабша оқып жатқан уағызын түсiнбейдi. Тек қана қала тұрғындары емес, ауылда тұрып жатқан қазақтардың көбiсi түсiнбейдi. Өйткенi дiни тiл мен тұрмыстық тiл екi бөлек. Дiни тiлдi арнайы оқу керек. Ал қазақша түсiнбейтiндер не iстеуi керек? Олардың дiнге деген қызығушылығы бар, түсiнгiсi келедi» дейдi.

Министрдің пікірінше, мешiтте айтылатын мәселелердi түсiнбейтiндердiң деструктивтiк ағымдардың жетегiнде кету қаупi де бар. Өйткенi мұндай ағымдардың өкiлдерi қазақша да, орысша да сөйлей бередi.

«Сондықтан олар жастарды өздерiне тартып алады. Бұл қоғамға жақсы ма? Жақсы емес.  Сондықтан Қазақстан Мұсылмандары дiни басқармасының ресми жақсы бiлiм алған имамдарының барлық азаматтарға ой-пiкiрлерiн жеткiзуiн қамтамасыз етуiмiз керек. Мешiттерге тек қазақтар емес, басқа ұлттардың өкiлдерi де келедi. Осы мәселе көтерiлгендiктен, оны қазiр қарастырып жатырмыз, бiрақ әлi шешiм қабылданған жоқ. Мүмкiн, кейбiр өңiрлерде ғана болатын шығар. «Барлық мешiттерде енгiзу керек» — деп ешкiм айтқан жоқ», –  дейдi Н. Ермекбаев.

29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты