jasqazaq.kz

«Менің балам жемқор емес»: Нұрлан Еспанов ұлына қатысты үндеу жасады

01 қазан 2025, 11:25

Нұрлан Еспанов  баласының футбол ойынына билет сатқанына  қатысты пікірін айтты.  Өзі айтқандай, ұлы  билет сатпаған.

«Достар, сіздер қызықсыздар, ә! Менде билет болса қазір «Қайраттың» стадионында айқайлап отырмаймын ба?! Негізі стадионның алдына кеші барып қайтқанмын. Менде билет жоқ. Балам билет сататын болса, оған айтпаймын ба: «Ей, сатпай-ақ қой! Өзіміз-ақ ала салайықшы. Менде де достар бар ғой. Билет бар ғой менің балам да жоқ қой. Жолдас балалары желіге салып берші деп айтқан ғой. Мысалы, сіздерге бір сұрақ қояйыншы: Сіз екі билет сатып алдыңыз делік. Белгілі бір себеппен «Қайраттың» ойынына бара алмай қалдыңыз. Сонда билетті не істейсіздер? Не істеу керегін өздеріңіз білесіздер ғой. Үйге алып қоясыздар ма… Біреуге бере саласыздар ма? Қымбат бағаға сатасыздар ма? Өздеріңіз білесіздер ғой. Бұл жерде жемқорлық емес… Бұл — менің ойым. «Реал Мадрид» Алматыға бірінше рет келіп жатыр ғой, міне. Клуб ойыншыларын бәрі де көргісі келеді. «Ойбай» дей бермеңіздерші, иә?! Менің баламды жемқор деп жазыпсыздар ғой. Жемқор болғанда менің балам қай жақтан ұрлап жатыр екен? Ойланыңыздар (күліп). Өздеріңізде екі билет бар, иә. Не істейсіздер? Сіздерге сұрақ», – деп жазды.

JQ-Aqparat

 

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді