
Америкалық Дэниэл Джейкобс жеңіліп көрмеген қазақстандық Геннадий Головкинмен алдағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Vesti.kz. Джейкобс Instagram желісіндегі парақшасында жекпе-жек жайлы видеоүндеу жариялады.
«Жаңалығым бар. Мен 18 наурызда Madison Square Garden аренасында GGG-мен жұдырықтасамын. Күттіріп қойғаным үшін кешірім сұраймын. Бір жағдайларды реттеу керек болды, енді барлығы өз орнына келді, үмітім зор. Мен әлемді таңғалдыруға дайынмын. Бруклин, бұл қолымнан келеді», — дейді Джейкобс.
Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин америкалық Дэниэл Джейкобспен жекпе-жекке қашан шығатынын жариялаған еді. GGG Дэнни Джейкобспен 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жұдырықтасады. Жекпе-жекті HBO (PPV) арнасы тікелей эфирде көрсетеді.
https://www.instagram.com/p/BOIYmn7ggjL/?taken-by=danieljacobstko
tengrinews.kz