jasqazaq.kz

Мемлекеттік мүлікке тағы да ревизия жүргізіледі

19 қантар 2023, 17:44

Мемлекеттің экономикадағы үлесін 14%-ке дейін қысқарту үшін мемлекеттік мүлікке тағы да ревизия жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде осындай тапсырма берді.

«Үкіметтің алдында экономикадағы жеке сектордың үлесін арттыру міндеті тұр. Бұл мәселені шешудің негізгі факторы Жекешелендірудің кешенді жоспарын уақтылы іске асыру болып қала береді. Биыл жоспардың 90%-ын орындау қажет. Бұл жұмыста өткен жылдардың тәжірибесін ескеріп, жоспарды толықтыру үшін мемлекеттік мүлікке ревизия жүргізу маңызды. Негізгі мақсат – мемлекеттің экономикадағы үлесін 14%-ке дейін қысқарту», — деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ, мемлекеттік активтерді басқару жұмыстарының қорытындысы Парламентке таныстырлатынын еске салды.

«Сондай-ақ, экономиканы демонополизациялау бойынша да жүйелі жұмысты жалғастыру қажет.

Министрлік Бәсекелестікті қорғау агенттігімен бірлесіп, монополиялық жағдайын пайдаланып, бәсекелестіктің дамуына кедергі келтіретін компанияларды анықтауы қажет.

Үкіметтің міндеті – биыл шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар санын 3,8 млн. адамға дейін жеткізу», — деді Әлихан Смайылов.

09 маусым, 12:56
Туркестанский регион станет цветочным хабом
09 маусым, 12:54
Туркестанская область усиливает инвестиционно-технологическое сотрудничество с Китаем
08 маусым, 13:31
Туркестан: Реализация инвестиционных проектов находится на постоянном контроле
08 маусым, 13:27
В Туркестанской области объем валовой продукции сельского хозяйства достиг 206 млрд тенге
08 маусым, 13:16
Туркестан: В Сарыагашском районе модернизируют систему питьевого водоснабжения
08 маусым, 13:12
Предприятие в Кентау перерабатывает пластиковые отходы и экспортирует продукцию за рубеж
05 маусым, 17:13
Көлік министрі Қонаевтағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарымен танысты
04 маусым, 13:33
Нурсултан Данабайулы: Расширение сферы применения государственного языка - наша общая задача
04 маусым, 13:28
Туркестан: Поддержка предпринимателей — важный фактор устойчивого развития экономики