jasqazaq.kz

Мемлекеттік қызметкер журналистке енді жылдам жауап береді

02 наурыз 2023, 23:57

Бүгін орталық және аймақтық мемлекеттік органдардың баспасөз хатшыларына арналған семинарда  ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі осылай деді.
«Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі заңға да түзетулер әзірленді. Ұсынылған өзгерістер, азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектеген мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейтеді. Енді журналистің сауалына жауап беру мерзімі қысқарады. Қазір 7 күн болса, енді ол 3-5 күн болып қысқарады», — деді министр.
Министрдің айтуынша, бұл ақпараттық ашықтықты арттырумен қатар, жауапкершілікті де күшейте түспек.
«Сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік доктринасы іске асырылады. Доктринаның негізгі міндеті – отандық медиа кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және елдің ақпараттық дербестігін қамтамасыз ету», — деді Д.Қыдырәлі.
Сонымен бірге министр қазір талқыланып жатқан «Масс-медиа» туралы заң жобасының негізгі мақсаты да журналистер мәртебесін көтеру, отандық контентті қолдау және ұлттық ақпаратты қорғау екенін екенін айтты.
Айта кетейік, Астана қаласында мемлекеттік органдар баспасөз хатшыларына арналған семинар өтіп жатыр.
Шараның ұйымдастырушылары — ақпарат және қоғамдық даму министрлігі,  Президенттің баспасөз қызметі, қазақстандық қоғамдық даму институтының «MediaLab» орталығы және NARIKBAYEV KAZGUU UNIVERSITY.
JQ-Aqparat

 

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық