jasqazaq.kz

Мектептегі қауіпсіздікті кім қамтамасыз етеді?

13 ақпан 2023, 16:48

Петропавлдағы №4 мектепте болған оқыс оқиға туралы 10-сыныптың оқушысы айтып берді деп хабарлайды JQ-Aqparat «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Жарақат алғандардың бірі Владислав Горбаченко былай деді: «Тоғызыншы сыныпта оқитын бала тап берді. Дәретхана есігін ашқаным сол еді, балтамен ұра бастады. Мектеп формасын киген, бетперде таққан. Қолында балта мен пышақ болды. Оныншы сыныптағы қыз бен тоғызыншы сыныптағы ұлға соққы жасады».
Ол дыбысын шығармай, әрі жылдам қимылдаған.

Балтасын сермеп, Владиславтың басы мен мойнына, кеудесінен ұрған. Жарақат алған оқушының анасы мектепке кірерде оқушылардың сөмкесін тексеру жөнінде ұсыныс жасады. Алайда өңірлік білім басқармасында шәкірттердің сөмкесін тексеруге ешкімнің де құқығы жоқ екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ бүгін ел ішіндегі бүкіл мектептегі қауііпсіздіктің қамтылуы тексерілетіні айтылды. Әдеттегідей, «жау кеткен соң қылышты тасқа шауып», жаппай тексеру жүргізіле жатар. Әйтсе де, біраз уақыттан кейін бәрі «таз қалпына» түсетіні де күмән келтірмейді.

2021 жылы Қазандағы, былтыр Ижевск мектептеріндегі атыстан кейін еліміздегі мектептердің қауіпсіздігіне біршама мән беріліп еді. Сол кезде біраз олқылықтар анықталып, түзетуге уақыт берілген. Соны тексерген адам бар ма?

Бүгін, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
Бүгін, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
Бүгін, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
Бүгін, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка