jasqazaq.kz

Мектепте смартфон ұстауға тыйым салынды

10 қыркүйек 2016, 10:14

Қызылорда облысында оқушылар мен ұстаздарға мектепте смартфон ұстауға тыйым салынды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Республика бойынша тек Қызылорда облысында алғаш рет барлық 299 мектептің жарғысына өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес, оқу мекемелерінің аумағында интернетке кіру мүмкіндігіне ие смартфондарды пайдалануға тыйым салынады. Қоңырау шалу мен СМС функциясы бар қарапайым телефондарды ұстауға рұқсат», — деп түсіндірді облыс прокуратурасының баспасөз хатшысы Ботакөз Сейіл.

Заманауи гаджеттерге қатысты мұндай қатаң шараның не үшін қажет болғанын облыс прокуроры Халидулла Дәуешов түсіндіріп берді.

«Басты себеп – смартфондардың оқу процесіне теріс ықпал ететіні. Балалар кез келген уақытта интернетке кіріп, рухани дамуға, мінез-құлыққа теріс ықпалын тигізетін дүниелерді оқиды, көреді»,- дейді ол.

Прокуратура «ВКонтакте» әлеуметтік желісіне кезекті рет мониторинг жүргізіп, 106 қызылордалық жеткіншектің суицидке үгіттейтін топтарға тіркелгенін анықтаған. Сондай-ақ, Қызылордадағы 26 мектептің оқушылары өзіне қол жұмсауға итермелейтін 13 топқа тіркелген.

«Оның үстіне мектеп қабырғасында қымбат гаджеттер жиі ұрланып жатады. Тыйым салудағы мақсатымыздың бірі – балалар арасында қылмыстың белең алуына жол бермеу. Тек оқушыларға ғана емес, мұғалімдерге де смартфон ұстауға тыйым салынады», — деп толықтырды Дәуешов.

bnews.kz


 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық