jasqazaq.kz

Мектеп парақорлар мекені еді

17 ақпан 2017, 18:49

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев аймақтағы білім беру сапасын үздік бестікке іліктірудің тәжірибесі жайында айтып берді. «Әрине, әкімдер арасында да бәсеке бар.

ҚазАқпарат хабарлағандай, ол үшін тиісті көрсеткіштер белгіленген. Барлық көрсеткіштердің ішінде мен үшін бастысы — білім беру сапасы. Дәл қазір мен осы көрсеткішпен ашық мақтана аламын. Алайда оған жету оңай болған жоқ. Біреудің есінде болар, 2013 жылы біз 27 бірдей мектеп директорын жұмыстан шығарып жібердік. Сол кезде облыс әкімінің жұмысын сынға алып, жерден алып, жерге салғандар көп болды. Арыз-шағымдарды қарша боратты. Дегенмен, одан басқа амал болған жоқ. Себебі кейбір басшылар ол мектептерді кәдімгідей «мал қораға» айналдырып жіберді. Ақша жинау және тағы басқа жемқорлық әрекеттерінің таралуын тоқтату қажет еді. Сол кезде жақсы бір сілкініс керек болды. Содан біз жаңағыдай шешім қабылдадық», — дейді Көшербаев. Аймақ басшысыныңайтуынша, бұрын облыстың мектеп түлектері ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі бойынша 16-орыннан жоғары көтерілмейтін. Бүгінде үздік бестіктен түспей жүр. Өткен жылы Қызылорда облысы түлектерінің 90 пайызы жоғары оқу орындары мен колледждерге оқуға түсті. Облыс жастары «Серпін» бағдарламасына да белсенді атсалысыпкеледі. Бұдан бөлек, жыл сайын қызылордалық мектеп түлектері Мәскеу мен Санкт-Петербургтың үздік техникалық жоғары оқу орындарына жіберіледі. Айта кетейік, бүгін Қазмедиа орталығында өткен бейресми кездесу кезінде Қызылорда облысының әкімі ҚырымбекКөшербаев күрішті экспортқа шығару бойынша алдағы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ ол миллиардтаған ақшасы ұрланған шыны зауытын іске қосу мерзімін атап,.мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін тексеру керектігін жеткізді.

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық