jasqazaq.kz

Мейрамбек Бесбаевтың жаңа образы көпшілікке ұнамай қалды (фото)

01 наурыз 2017, 11:30

“Музарттың” қос серісі Мейрамбек Бесбаев пен Кенжебек Жанәбілов жаңа жылды шаштарын тақырлап алып тастаудан бастады. Олар той-томалақтан демалып, біраз уақыт елдің көзінен тасада болу үшін әрі шығармашылықпен айналысу үшін осындай қадамға бел буған.

Алғашқыда топтың үшінші мүшесі Сәкен Майғазиев те бұған келіскен. Тек кейіннен шаштаразының кеңесімен ол ойынан бас тартқан. Тіпті сөзінен айнығаны үшін айыппұл төлеген.

“Бас аман болса, шаш шығады” деп атам қазақ айтпақшы, Мейрамбек пен Кенжебектің шаш үлгілері бұрынғы қалыпқа ақырындап түсіп келеді. Десе де көпшілік қос әншінің жаңа образдарын ұнатпай жатыр. Әсіресе, елдің сүйіктісі Мейрамбек Бесбаевқа сын тағушылар көбейген.

Тыңдармандар Бесбаевтың бұрынғысынан қарағанда, әлдеқайда кәрі көрінетінін айтып жатыр. Оның ағарған шашы мен жаңадан қойылған сақал-мұртына жұрт таңдана қарауда.

“Мейрамбек аға, түріңізге не болған? Шашыңызға ақ түскен бе?”, “Мейрамбек аға, сізге шұғыл арықтау керек”, “Бұрынғы түріңізді жақсы көруші едік, қазіргі түріңіз ұнамайды”, “Мейрамбек Бесбаевты танымай қалдым”, “Эх, қазақ аңыздары көз алдымызда қартайып бара жатыр”, “Музарттың” жігіттері сендерге мұндай стиль жараспайды”, “Кішкене өздеріңізге қарасаңыздаршы, өнер адамдарысыз, томпиым бара жатырсыздар”, – деп сын тақты желідегілер.

 

stan.kz

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық