jasqazaq.kz

Медиатурнир: ойындағы ерегес төбелеске ұласты

05 ақпан 2023, 11:11


Астана қаласында әуесқойлардың кәсіби емес футбол клубтары арасында кезекті медиатурнир өтті. Ресей мен Қырғызстан командалары арасындағы матч жаппай төбелеске ұласып, екінші таймда тоқтатылды. Ресейлік 2Drots клубының ойыншылары қырғызстандық Top Team клубының ойыншыларымен арадағы ойын төбелеспен аяқталды. Матчтың 67- минутында қырғызстандық клубтың ойыншысы қарсы клубтың ойыншысын шалып құлатады. Сол сәтте қырғыз қақпашысы жүгіріп келіп қарсылас клуб ойыншысына соққы дарытып үлгереді. Жаппай төбелестен кейін төреші Top Team клубының үш бірдей ойыншысына қызыл қағаз көрсетіп алаңнан қуды. Наразы болған қырғызстандық ойыншылары матчты жалғастырудан бас тартып, 0:3 есебімен жеңіліс жазылды.
«Ер шекіспей бекіспейді». Матчтан кейін екі клуб ойыншылары қол алысып татуласты. Десе де үш ойыншыны бірдей алаңнан қуған бас төрешіні әділетті болмады деп айыптады. Мұндай бассыздық жарыстың тамырына балта шауып, тоқтап тынуына әкеп соғады соңында. Қайбір жылы Алматыда тұрақты түрде өтіп жүрген «Бір атаның балалары футбол ойнайды» деп аталатын тәп-тәуір осындай төбелестің кесірінен үзіліп, ұзақ уақыттан кейін қайта жалғасқан болатын.

JQ-Aqparat

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық