jasqazaq.kz

Мбаппе ӘЧ кейін алғашқы матчында өз командасын жеңіске жеткізді

29 желтоқсан 2022, 10:50

Футболдан Франция чемпионатының 16-турында «ПСЖ» Париждегі «Парк де Пренс» стадионында «Страсбург» командасын қабылдады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Бұл Қатарда өткен әлем чемпионатынан кейін сол біріншіліктің сұрмергені, Франция құрамасы мен «ПСЖ» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппенің алғашқы матчы еді.

Алаң иелерінен қорғаушы Маркиньос 14-минутта Неймардың пасынан кейін өз командасын алға шығарды. Әйтсе де екінші кезеңде бәрі өзгеріп кетті. 51-минутта Маркиньос өз қақпасына гол соғып алды. Ал 63-минутта екінші ескертуін алған Неймар алаңнан қуылды. Дегенмен 90+6-минутта К.Мбаппе 11 метрлік пенальтиді мүлтіксіз орындап, «ПСЖ» клубына жеңіс әперді.

Франция чемпионатында «ПСЖ» 44 ұпаймен жекедара көш бастап келеді. Келесі турда париждіктер сырт алаңда «Ланспен» ойнайды. Аргентина құрамасының капитаны әрі шабуылшысы Лионель Месси командаға әзірге қосыла қойған жоқ.

К.Мбаппе әлем чемпионатының финалындағы жеңіліс қанша ауыр тисе де, «ПСЖ» клубына тез оралғанын, мақсаты – барлық кубокті ел астанасына жеткізу екендігін айтты.

«ПСЖ» Чемпиондар лигасында да жарысты жалғастыруда. Алдағы жылы париждіктер 1/8 финалда Еуропадағы ең мықты клубтардың бірі – «Бавариямен» (Германия) кездеседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мбаппенің әлем чемпионатынан кейін ең қымбат ойыншы атанғанын жазған болатынбыз.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде