jasqazaq.kz

Мәулен Әшімбаев: Өңірлердің арасындағы кадрлық ротацияны қамтамасыз ету керек

09 наурыз 2023, 13:47

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мемлекеттік органдарда өңірлер мен орталық арасындағы кадрлық ротацияны қамтамасыз ету керектігін айтты.

Сенаттың жалпы отырысында Мәулен Әшімбаев: «Қазір орталық органдардағы мемлекеттік қызметшілердің көбінің өңірлерде жұмыс тәжірибесі жоқ. Сондықтан олар аймақтардағы мәселелерді жақсы біледі деп айта алмаймыз. Үкіметтегі, мемлекеттік органдардағы шешімдер өңірлердің мүддесіне орай қабылдануы керек. Бүгін қаралып жатқан заң жобасы осы мәселені оң шешуге өз септігін тигізеді деп сенеміз», – деді.

Сенат төрағасы аймақтар арасындағы ротация мәселесіне де назар аударды:
«Өңірлердің арасындағы кадрлық ротацияны қамтамасыз етудің де маңызы зор. Мысалы, батыстағы азаматтар шығысқа, солтүстіктегілер оңтүстікке барып жұмыс істейтіндей мүмкіндіктер болуы қажет. Сондықтан азаматтарымыздың әр өңірде жұмыс істеуіне жол ашып беруіміз керек. Бұл елімізді біртұтас мемлекет ретінде дамытуға өз үлесін қосатын маңызды қадам екені сөзсіз».

Бүгін Сенат отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарады.

Мәулен Әшімбаев заң қабылданып, Мемлекет басшысы қол қойғаннан кейін онда көрсетілген нормалар қағаз жүзінде қалмай, тиісті мемлекеттік орган ротация механизмдерін дәйекті түрде іске асыруы керектігін атап өтті.

JQ-Aqparat

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық