jasqazaq.kz

Масқаралайтын мәлімет талап еткендер 3 жылға сотталады

10 қантар 2023, 15:48

Қауіп төндіріп, жәбірленушіні және оның жақындарын масқаралайтын мәліметтерді талап ететіндер енді 3 жылға дейін сотталуы мүмкін. Бұл туралы Әділет министрлігі ашық талқыға шығарған заң жобасында көрсетілді деп хабарлайды JQ-aqparat.

Осылайша Қылмыстық кодекстің 209-бабына (Ақпаратты беруге мәжбүрлеу) өзгеріс енгізіп, жазаны қатаңдату ұсынылып отыр.

Құжатта: «Күш қолдану не мүлікті жою немесе бүлдiру қатерін төндіріп, жәбiрленушiнi немесе оның жақындарын масқаралайтын мәлiметтердi не электронды тасығышта қамтылған, заңмен қорғалатын ақпаратты беруге мәжбүрлеу – белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе 3 000 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады», — делінген.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, осындай қылмыс үшін кінәлі 2 жылға дейін сотталады немесе 2 000 АЕК-ке дейін айыппұл төлейді.
Ал жаңа редакция бойынша бас бостандығынан айыру мерзімі 3 жылға дейін ұзарып, айыппұл көлемі 3 000 АЕК-ке дейін ұлғаяды.

Бүгін, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
Бүгін, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
Бүгін, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
Бүгін, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка