jasqazaq.kz

Мас жолаушының кесірінен ұшақ амалсыз қонды

15 қыркүйек 2016, 14:33

«Анталья-Алматы» әуе рейсін орындаған Түркия әуе компаниясы ұшағының ұшқыштары мәжбүрлі түрде Ақтау әуежайына қонып, тәртіп бұзушыларды полицияға тапсырды.

Нақтырақ айтқанда, Ақтау халықаралық әуежайына 12 қыркүйекке қараған түнгі сағат 00:16-да ATLAS JET\ATLAS GLOBAL әуе компаниясының К6755 чартерлік рейсі келіп қонған.

«200 жолаушыны тасымалдап келе жатқан ұшақ экипажы борттағы үш жолаушының кесірінен Ақтау әуежайына қонды. Олар мас болып, қасындағы адамдарды, бортсеріктерді балағаттаған», — делінген Көліктегі ІІД хабарламасында.

Анықталғандай, айқай шығарған үш жолаушы Алматы облысының тұрғындары болып шықты.

«Олар Көліктегі ІІД-ге тапсырылды. Оларға қатысты ұсақ тәртіп бұзу туралы әкімшілік хаттама толтырылды», — деді ведомство баспасөз қызметінде.

Аталған ұшақ сол түні 12 қыркүйек сағат 3:22-де сапарын жалғастырды.

 

inform.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық