jasqazaq.kz

Мас жүргізуші велосипедшіні қағып, мерт қылды

16 тамыз 2016, 17:39

Оңтүстік Қазақстан облысында «ВАЗ» көлігінің жүргізушісі велосипедшіні қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытты.

Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл 14 тамызы күні, сағат 19 сағат 50 минут шамасында Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасына қарасты полиция бөлімшесіне Жібек жолы-Жетісай тас жолында велосипедшіні қағып кеткені туралы хабарлама түседі.

Оқиға орнына жедел жеткен полицейлердің анықтағаны, «ВАЗ» маркалы автокөліктің белгісіз жүргізушісі 45-47 жас шамасындағы велосипедшіні қағып, оқиға орнынан ізін суытқан. Жол көлік оқиғасының салдарынан велосипедші ауыр дене жарақаттарымен аудандық аурухананың жансақтау бөліміне түсіп, көп уақыт өтпей қайтыс болған.

Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасына қарасты полиция бөлімшесінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 1984 жылғы жергілікті тұрғын, яғни «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі құрықталды. Ол сол күні автокөлікті мас күйде тізгіндеген.

Ол велосипедшіні қағып, қорыққанынан оқиға орнынан бой тасалаған.

Аталған жайтқа байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы, яғни 345-бап — «Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» және 347-бап — «Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті сотқа дейінгі тергеу абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

3

FOTO-SHardara (1)

 

kaz.365info

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық