jasqazaq.kz

Мас күйінде қымбат көлікті айдап әкеткен азамат ұсталды (видео)

04 қазан 2016, 15:56

photo_29952

Қарағанды полицейлері қымбат шетелдік автоны айдап әкеткен адамды ізін суытпай ұстады. Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұстау шаралары қаланың адамдар мен көлік қозғалысы көп жерде болғандықтан, оқиғаның фотолары мен видеолары әлеуметтік желіде тез тараған.

Облыстық ІІД-ның баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияровтың айтуынша, 3 қазанда полицияға ер адам хабарласып, өзінің Mercedes-Benz маркалы көлігінің ұрланғанын айтқан. Бағыттама барлық патрульдік көлікке таратылған. «Орталық жедел әрекет ету басқармасы 10 минуттың ішінде көліктің қайда екенін анықтап, экипаждарға хабарлаған. Полицейлер оның артынан қуған, сол уақыттың ішінде бұзақы екі көлікті соққан. Қымбат автоны Шахтерлер даңғылының бойынан ұстаған. Көлікті ұрлаған адам Қарағандылық 30 жастағы тұрғыны болып шыққан, — деді ұрының мас күйінде болғанын айтқан Құдияров.

Бүлінген көлікті иесіне қайтарып берді. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы(«Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу») бойынша қозғалған. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, ұсталған адам уақытша қамау изоляторына жабылды.

 

tengrinews.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық