jasqazaq.kz

Мас адамды қайда апару керек?

30 қараша 2016, 15:21

20161130132303-1

Елімізде ішімдікке салынғандар саны артты деп айта алмаймын, алайда алкоголь ішетіндерге қатысты тиісті шараларды атқару керек. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы барысында тілшілер сауалына жауап беру кезінде ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті. ҚазАқпарат хабарлағандай, «атап айтқанда, мас күйінде түскен адамды біз заң бойынша уақытша ұстау изоляторына орналастыра алмаймыз. Медицина қызметкерлері оларды науқас деп санамайды, өз кезегімізде біз де ұстай алмаймыз. Бұл ретте полицей не істеуі керек? Мәселен, ол мас күйінде әйелін ұруға барады немесе көшеде жатады, осы орайда біз оны қайда орналастыруымыз қажет? Барша әлемде қалыпты тәжірибе бар. Оларды медициналық емес айықтырғыш деп те атай берсін. Қазір оларды бейімдеу орталығы деп атауда. Қалай аталса да, өздеріңіз білесіздер, алайда біз мас адамның айығып шығуы үшін оны тиісті жерге орналастыруымыз қажет»,-деді министр. Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта ҚР ІІМ тарапы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен бірлесе арнайы топ құрды, осы ретте бұл мәселені шешудің жолдары зерделенбек. Қасымовтың пайымынша, кейбір қалаларда мас адамдарды орналастыратын орындар жетіспейді. «Ал полицей алкогольдік масайған адаммен бір жерде ұзақ болса, онда екі проблема туындайды, яғни қол жұмсау әрекеті немесе қарсылық таныту жағдайы орын алады. Біз осы арқылы өзіміз криминалдық ахулды жасап отырмыз… Елімізде ішімдікке салынғандар саны артты деп айта алмаймын, алайда алкоголь ішетіндерге қатысты тиісті шараларды атқару керек»,-деді министр. «Медициналық айықтырғыштар, қазір олар бейімдеу орталықтары деп аталады. Бұл орындарда ақысыз түрде көмектің өте жақсы кешені ұсынылады. Олардың ем-домы үшін тиісті жағдай қарастырылған. Әрине, ол жерге алғаш түскендер үшін осы шаралар жат көрінеді. Ал тұрақты ішетіндер полицейлерден бірден айықтырғышқа жеткізуді өтінеді. Қазіргі кезде медицина үлкен көмек көрсетуде»,-деді Қ. Қасымов.

 

Бүгін, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
Бүгін, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции