
Рио Олимпиадасында күтпеген оқиға болды. Суға секіруде күміс медаль алған қытай спортшысы Хе Зиге марапаттау рәсімі кезінде үйлену жөнінде ұсыныс жасалды.
Ғашық жігіт тізесін бүгіп, жеңіс тұғырында тұрған қызға неке жүзігімен бірге жүрек қалауын жеткізді. Мұны күтпеген қыз абдырап қалады. Әйтсе де 6 жыл бойы жүрген жігітіне сенетінін білдіріп, бұл ұсынысты қабылдапты.
