jasqazaq.kz

Марқұм ағайындылардың туыстары 45 миллион теңге өтемақы талап етті

18 қараша 2016, 7:37

09

Алматы облысында үш бірдей азаматынан айырылған отбасы қандықол қарақшылардан 45 миллион теңге өтемақы талап етті, деп хабарлайды КТК арнасы.

Қаскелеңде өтіп жатқан сот процессі айқай-шусыз болмады. Бұл жолғы отырысқа айуандықпен өлтірілген ағайындылардың жесірлері келген. Қанды оқиғаның қалай болғанын бастан-аяқ естіген олар көз жасын жасыра алмады. Ал айыпталушылардың екеуі кінәсін мүлде мойындамай қойса, ең басты күдікті -Талғат Сүлейменов өзіне тағылған айыптармен тек жартылай келісті. Айтуынша, ағайындыларды ол қасақана емес, абайсызда өлтірген. Десе де, соңғы сот сараптамасы оның сөзін түгелдей теріске шығарды. Себебі, ағайындылардың бірі атылған оқтан өлсе, қалған екеуі ауыр соққылардың салдарынан көз жұмыпты. Ал марқұмдардың артында 9 бала қалған. Оның үлкені – 13 жаста, кішісі әлі екіге де толмаған.

«Ағаларымыздың, бауырларымыздың денесін сіз көрсеңіз, өкінесіз. Сідік пен ыстық құм! Ойлай беріңіз, адам өлді ғой, өлді бірақ мәйітті сонша қорлау не деген масқара! Жүрегі жоқ хайуан, сезім жоқ бұларда судья мырза ата салу керек бұларды!» – дейді марқұмдардың туысы Еркін Бейсеке.

stan.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық