jasqazaq.kz

«Маңғыт, аузыма 8 миллион саңғыт»

08 ақпан 2023, 15:25


Маңғыстау облысының тұрғыны Грузия елінен сатып әкелген автокөлігін рәсімдеп беремін деген алаяқтың құрбаны болды деп хабарлайды JQ-Aqparat Polisia.kz порталының ақпаратына сүйеніп.
Маңғыстаулық азамат табан ақы маңдай терімен тапқан қаржысына Грузия елінен сатып әкелген көлігінің құжатын рәсімдеп берем деген алаяқтың тұзағына түсіп қалды. Мұнайлы ауданының тұрғынына алдап соғушы 7,8 миллион теңге шығын келтірген.

Сенімге кірген су жұқпас Грузия еліне барып есептен шығарып, Қазақстанға тіркеп, барлық құжатын рәсімдеп беремін деп сан соқтырып кеткен. Жәбірленуші азамат полицияға арызданып, криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру шарасының нәтижесінде Бейнеу ауданының 30 жастағы тұрғынын құрықтады.

«Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелгенін, өзге мәліметтер тергеу мүддесіне орай жария етілмейтінін» мәлім етті Polisia.kz.

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті