jasqazaq.kz

Мал ұрлағандар жауапкершіліктен құтыла алмайды

21 желтоқсан 2016, 17:30

 

 

Шымкент қаласында полицейлер жергілікті тұрғындардың малын ұрлаған деген күдікпен екі жергілікті тұрғынды құрықтады, деп хабарлайды Baq.kz.

 

 

Шымкент ҚІІБ Қаратау ПБ кезекші бөліміне еркін жайылымынан белгісіз тұлғалар малдарын ұрлап кеткені жайында он шақты азамат арызданып келген. Аталған қылмысты ашу мақсатында полиция бөлімінде білікті полиция қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылған болатын.

Жедел іздестіру іс-шарасы барысында Шымкент ҚІІБ Қартау ПБ-нің қызметкерлері 1998 және 1982 жылы туылған Шымкент қаласының тұрғындары, жұмыссыз екі күдіктіні құрықтады. Тергеу кезінде күдіктілердің мал ұрлығына қатысты 18 жайтқа қатысы бар екені белгілі болды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі жалпы 2 миллион теңгеден асады.

Тәртіп сақшылары анықтағандай, барлық ұрлық қылмысын күдіктілер бір жүйе бойынша іске асырып келген. Жайылымда адамдардың болмағанын пайдаланып, ұсақты-ірілі малдарды ұрлап, көлікке тиеп, оқиға орнынан қашып отырған. Ұрланған малдарды сатып, ақшасын өз қажеттіліктеріне жаратқан.

Бүгінгі таңда аталған жайт бойынша ҚК ҚК 188-бабымен «Ұрлық» қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауда. Айғақты заттар тәркіленді. Ұрланған заттың бөлігі заңды иесіне қайтарылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

 baq.kz
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық