jasqazaq.kz

Мал дәрігерінің мәртебесі бекітіледі

13 наурыз 2023, 16:25

Қазақстанда мал дәрігерінің мәртебесі заңмен бекітіледі. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Асқар Жақыпбаев мәлім етті.

«11/93 қаулысында ветеринарлардың мәртебесі заңмен нақтыланбаған. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Асқар Жақыпбаев: «Құжатта ветеринарлар туралы «тағы сол сияқты» деген бөлікте айтылған. Бұл теріс әсер етеді. Сондықтан ең алдымен, ветеринар дәрігерлердің мәртебесі бекітіледі. Ұстаздарда бар, дәрігерлерде бар, ал ветеринарларда мәртебе жоқ», – деді.

Арнайы мәртебе берілген жағдайда еңбек демалысына шыққан мал дәрігеріне сауықтыру бойынша екі айлық жалақы көлемінде жәрдемақы, сондай-ақ ғылыми дәрежесіне қарай үстемақы қарастырылып отыр.

Сонымен бірге ветеринарлар арнайы киім және құрал-жабдықпен қамтамасыз етіледі.

JQ-Aqparat

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті