jasqazaq.kz

Мақсат — жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыру

10 қазан 2025, 11:31

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын. Бұл шешім еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін аса маңызды қадам екені сөзсіз.
«Жұмысшы мамандықтар жылы» бастамасы жастарды осы салаларға қызықтыруды көздейді. Өйткені бүгінгі жастар көбінесе кеңсе жұмысын таңдап, техникалық және өндірістік салаларға аз көңіл бөледі. Оқу бітіргеннен кейін бәріне бірдей кеңсе жұмысы табыла бермейді. Бұл өз кезегінде жұмыссыздыққа, тіпті масылдықтың белең алуына әкелуі мүмкін. Сондықтан жастарды осы салаға тарту үшін олардың арасында жұмысшы мамандықтардың маңыздылығы мен артықшылықтарын түсіндіру, осы мамандықтарға бағытталған оқу бағдарламасын жаңарту қажет. Осы орайда Шымкент қаласында жүйелі түрде жұмыс жүргізіліп келеді.
Мәселен, «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «ЭкоФарм Интернейшнл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде баспасөз туры ұйымдастырылды. Іс-шара барысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері өндіріс орнымен танысып, кәсіпорын қызметкерлерінің жұмыс барысын көзбен көрді.
2012 жылы құрылған мекеменің негізгі бағыты – медициналық мақсаттағы бұйымдар өндіру. Қазіргі таңда кәсіпорында 200-ге жуық қызметкер тұрақты жұмыс істейді.
Компанияның басқарушы директоры Асхат Ахметовтің айтуынша, өндірістің жылдық қуаты – 290 миллион дана өнім. Бастапқы кезеңде 57 түрлі медициналық бұйым өндірілсе, бүгінде олардың саны 460 атауға дейін артқан. Атап айтқанда, вакуумдық пробиркалар, стерильді инелер және өзге де өнімдер еліміздің барлық өңірлеріне жөнелтіліп, ішкі нарықты қамтамасыз етуде. Алдағы уақытта аталған өнімдерді шетел нарығына шығару да жоспарланып отыр.
Кәсіпорында тәжірибесі мол, жоғары білікті мамандар еңбек етеді. Солардың бірі – сапа бөлімінің маманы Эльмира Ахшораева. Ол мекемеде он жылдан астам уақыт бойы табысты қызмет етіп келеді.
Эльмира Ахшораева: «Мектеп кезінде химия пәніне ерекше қызығушылық таныттым. Осы саланы таңдап, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия-технология факультетін үздік тәмамдадым. Қазіргі уақытта вакуумдық пробиркалар цехында еңбек етемін. Цех тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейді. Менің жұмыс күнім таңғы 8:30-дан кешкі 19:00-ге дейін жалғасады. Өндірістік ортада түрлі тосын жағдайлар кездесіп жатады. Мұндай сәттерде тез әрі нақты шешім қабылдай білу қажет. Өзім оқыған мамандық бойынша еңбек етіп жүргеніме қуаныштымын. Бұл – менің бала күнгі арманым болатын», – дейді.
Кәсіпорын қызметі халықаралық сапа стандарттарына сәйкес ұйымдастырылған. Мұнда сапа менеджменті жүйесі енгізілген. Заманауи талаптарға сай кәсіби біліктілікті арттыру – басты назарда. Сонымен қатар жұмысшы мамандық иелеріне әлеуметтік қолдау тұрақты түрде көрсетіледі.
Мұндай баспасөз турының негізгі мақсаты – жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы беделін арттыру және адал еңбек иелерін насихаттау. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
Бүгін, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
Бүгін, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында