«Халықаралық Tax Justice Network ұйымының мәліметінше, соңғы 25 жылда елімізден офшорға 140-160 млрд доллар шығарылған. Бұл еліміздің бір жылдық ЖІӨ мен сыртқы қарызына тең. Кей ақпарат бойынша, құқық қорғау органдары соңғы бес жылда шетелге капиталды заңсыз әкетуге байланысты екі жүзден астам іс қозғапты. Алайда бұл жұмыстың нақты нәтижесі, яғни елге қандай да бір көлемде ақшаның қайтарылғаны туралы ештеңе айтылмайды».