jasqazaq.kz

Мақпал Жүнісованың қызы айтқан тілек көпшіліктің көңілін босатты (Видео)

12 қантар 2023, 14:54

Кеше халық әртісі Мақпал Жүнісова 59 жасқа толған болатын. Анасын туған күнімен құттықтап, ақ тілегін айтқан әншінің қызы Мерейдің видеосы әлеуметтік желі қолданушыларының көңілін босатты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қызы Мерейдің тілегін Мақпал Жүнісова Instagram желісіне жариялап қойды.

«Анашым, туған күнің құтты болсын. Саған шын жүрегіммен бақыт тілеймін. Әрқашанда сен — менің жанымда, мен — сенің жаныңда болайын. Анасы мен қызы ретінде ара-қатынасымыз ешқашан бұзылмасын. Әрқашан бір-бірімізді сүйеп, қолдап жүре берейік. Мен сені шын жүрегіммен сүйемін, мама! Өзіңдей анам болғанына Аллаға күнде шүкіршілік етемін, алғысым шексіз. Менімен мақтануың үшін өмір бойы тырысамын», — деді Мерей Заманбекқызы.

Ал желі қолданушылары әншіні туған күнімен құттықтап, қызы Мерейге бақыт тіледі. «Мақпал апай, қызыңыз өзіңізге қатты ұқсайды», «Анасы да, қызы да бақытты болсын», «Қандай керемет тілек айтып тұр», «Анасына деген шексіз махаббаты көрініп тұр. Мерей — өте тәрбиелі, саналы қыз», «Туған күніңіз құтты болсын», «Жүз жасаңыз», — деп жазды желідегілер.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді