jasqazaq.kz

Майра Айсина: Қыруар ақша қайда кетті?

20 қантар 2017, 22:37

Елімізде 6 жарым мыңнан астам тұрғын үй кез-келген сәтте  жарылуы мүмкін. Өйткені, Шахандағы апаттан кейін тексеріс жүргізген Ұлттық экономика министрлігі, ел бойынша жертөлесінде қазандық орнатқан осыншама тұрғын үй барын анықтапты. Шахандағы секілді қазандығы бар мұндай үйлердің жылыту жүйесін депутаттар да «жарылғалы тұрған бомбаға» теңеді.

Шахандағы жантүршігерлік апаттан кейін жеке қазандығы бар үйлерді тексеріп шыққан Ұлттық экономика министрлігі бүгін көптің жағасын ұстатты. Айтуларынша, бастарын өлімге тігіп отырған жалғыз шахандықтар емес. Сөйтсе, ел бойынша пәтерін пешпен немесе жертөледегі жеке қазандықпен жылытатын мыңдаған үй бар.

Мархабат Жайымбетов, Құрылыс ісі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы:

-Елімізде  29 ірі, 41 шағын қала болса, солардың барлығында кездесетін жеке қазандығы бар үйлердің саны 6500-ден асады.  Олардың қауіпсіздігі мен қадағалау сияқты үлкен мәселелер бар. Қазір осы шаруамен айналысып жатырмыз. Десе де оларды бірден орталық жылу жүйесіне қосу мүмкін болмай тұр.

Ол үшін уақыт пен қыруар ақша қажет дейді шенеуніктер. Мәселен, Шахандағы 17 үйдің өзін орталық жылу жүйесіне қосу үшін 3 миллиард теңге керек. Сондықтан, жеке қазандығы бар бұл үйлерді орталық жылу жүйесіне қосқанша, жермен жексен болуы ғажап емес. Десе де, министрлік, бар жауапкершілікті әкімдіктерге ысырып отыр. Ал, тұрғын үйлердегі жеке қазандықтарды бомбаға теңеген депуттар болса, шаруаны тыңғылықты атқара алмай отырған министрлікті сынға алды.

Майра Айсина, Мәжіліс депутаты:

-Неге министрліктің адамдары  кабинетте отырмай барып қарамайды соны? Мен парламентте істеп жүргеннен бастап санасақ, қанша қаражат бөлінді, осы құбырларды екі үш есе қайта істейтіндей ақша бөлінді. Сол қайда кетіп жатыр?

Халық қалаулыларын қазандықтар ғана емес, мемлекеттік бағдарлама бойынша салынатын үйлердің бағасы да алаңдатып отыр. Мәселе Астана мен Алматыда әр шаршы метр 180 мың, өзге аймақтарға 140 мың болып бекітілген. Бұл өте қымбат дейді депутаттар.

Оның үстіне елімізде 17 құрылыс комбинаты жұмыс істейді. Кезінде баспананың құрылысын жылдамдатып, бағасын арзандату үшін салынған кәсіпорындардан әзірге нәтиже болмай тұр. Әрі материалдардың 80 пайызы өзімізден шығарылады екен. Сондықтан депутаттар мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғызылатын баспаналардың бағасын қымбаттатпауды талап етті.

ktk.kz

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты