jasqazaq.kz

Мақтаралдағы қақтығыс

03 тамыз 2016, 3:00

37ec854c774aa9bb7923e6fa94964e2e_XL

Кеше ОҚО Мақтарал ауданындағы тәжіктері көп шоғырланған Сейфуллин ауылында жаппай төбелес орын алғанын хабарлаған болатынбыз. Жастардың қақтығысына себеп болған жайт — 7 жасар қызға 15 жастағы жасөспірімнің зәбір көрсетуі еді. Қызды сол замат тексерген дәрігерлер оның зорланбағанын айтты. Ал, төбелес салдарынан үш адам дене жарақаттарын алған деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Ал, бүгін — 2 тамызда аудандағы екі елдімекенде бұзақылық фактілері тағы тіркеліп отыр. Бұл жолы белгісіз ер азамат Мұратбаев ауылының тұрғынына тиесілі дүкенді өртеп жіберген. Полицейлер күдікті ретінде көрші Асықата ауылының 30 жастағы тұрғынын ұстап, қамауға алды.

Сонымен қатар, ауданға қарасты Дихан ауылында екі бірдей қораға өрт қойылған. Салдарынан үйдің ауласында тұрған «Газель» автокөлігі жанып кетті. Қазіргі таңда ішкі істер органдары бұл іске қатысы бар тұлғаларды іздеу үстінде.

Аудандағы жағдайды тұрақтандыру үшін ІІМ-де жедел штаб құрылып, оқиға орнына Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары мен ОҚО әкімі келген. Олар халықпен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Құқыққа қарсы іс-әрекеттердің жолын кесу мақсатында жүргізілген рейдтік шаралар барысында Мақтарал ауданының 34 тұрғыны ІІБ-на жеткізіліп, 7 таяқ және 5 литрлік бензин құйылған ыдыс тәркіленген. Олардың құқықбұзушылық әрекеттерге қатысы бар-жоқтығы анықталуда.

sn.kz

Бүгін, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық