jasqazaq.kz

Мақсат–мал тұқымын асылдандыру

30 мамыр 2017, 14:10

Ауыл шаруашылығын дамытудың ең басты бағытының бірі – ет өндіруді молайту. Осы орайда, біз 2,5 мың бас асыл тұқымды ірі қара мал бағудамыз.

Мал басы жыл санап көбейіп келеді. Асыл тұқымды ірі қара жергілікті ауа райына тез үйренді. Алғашында малды «2011-2015 жылдары Ақмола облысында ет бағытындағы мал шаруашылығын дамытудың» өңірлік мемлекеттік бағдарламасы аясында сатып алып, Қоскөл мен Ковыленка селоларында мал қоралары кешенін жаңадан салдық. Шаруашылық Чехиядан сатып алынған герефорд және «Аршалы» асыл тұқымды шаруашылығынан әкелінген қазақтың ақбас сиырлары тәрізді белігілі тұқымдар есебінен мал басын көбейтуде. Біз тағдаған асыл тұқымды бұл ірі қаралар төлдеу, ет өндіру тәрізді барлық көрсеткіштер бойынша әлемде көшбасшы болып отыр. Герефорд бұқасы мен қазақтың ақбас қашарынан туған бұзау алғашқы күндердің өзінде жергілікті малдың бұзауынан ерекшеленеді. Ірі, күшті әрі төзімді асыл тұқымды бұзаулар тәулігіне бір келіге дейін рекордтық салмақ қосады. Бүгінгі таңда репродукторда 2,5 мың бас ірі қара бағылады. Биыл туған бұзаулардың біразы сатылса, қалғаны мал бордақылау алаңына қойылады. Қоралардағы малды суару үшін су құбыры тартылған. Шаруашылық үш мың бас ірі қараға арналған мал бордақылау алаңын пайдалануға берді. Келешекте ет өндіруді 250 тоннаға жеткізуді жоспарлап отырмыз.Еңбеккерлердің демалуы үшін малшылар үйі салынған. Мұнда асхана мен демалыс бөлмесі қарастырылған. Асты жергілікті аспазшылар дайындайды. Кешенді түскі астың бағасы малшыларға 150-160 теңгеден айналады. Су құбыры тартылған соң үй ішіне дәретхана мен жуынатын бөлме салынды. Серіктестік еңбеккерлердің отын мен шөбін дайындауға көмектеседі. Еңбек озаттары материалдық тұрғыдан марапатталады. Елді мекендердегі әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға да қолұшын созамыз.

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты