Қазақ эстрадасының ең танымал жұлдыздары, бірі еліміздің ерке қызы, екіншісі халықтың сүйікті “хитмені” – Мақпал Жүнісова мен Қайрат Нұртас дуэт айтты.
Су жаңа әннің тұсауы абыз актер Асанәлі Әшімовтің 80 жылдық мерейтойында кесілді. Қос өнер иесі әдеттегідей тойдың сәнін келтіріп, жұртты билетті. Жиылған қауым қос әншіге деген шексіз махаббатын қошемет арқылы жеткізді.Әннің видеосын желіге Қайрат Нұртас жүктеді. Желі оқырмандарына жаңа дуэт қатты ұнап қалды.