jasqazaq.kz

Мәсімов айыппұл төледі

01 тамыз 2016, 13:11

mass2

Еліміздің Премьер-министрі Кәрім Мәсімов велосипедпен жол ережесін бұзғаны үшін 10 605 теңге көлемінде айыппұл төлеген. Бұл туралы Премьер-министрдің өзі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында «Заң мен тәртіптер баршаға ортақ, велосипедтегі Премьер үшін де» деп жазып қойған.
Одан бұрын К.Мәсімов Астана-Бурабай автомагистралында велосипедпен түскен суретін салып қойған еді. Оның астына пікір жазғандардың көпшілігі Премьер-министрдің салауатты өмір салтын ұстануын құптап, жақсы тілектерін білдірсе, кейбір желі қолданушылар бұл жерде жол ережесі бұзылғанын, аталған автомагистралда велосипедпен жүруге тиым салынғанын келтірген болатын.
«Мәсімовтың үстінен шағым жасадық. Мәртебелі шенеунікті жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тарта ма, көрейік» деп жазған еді «Азаматтық патруль» қозғалысының белсенділері. Премьер-Министр бұл ескертулерге назар аударып, айыппұлын төлеген. Оны айғақтайтын түбіртекті парақшасына салып қойыпты. Заң алдында бәрі бірдей екенін шенеуніктердің де осылай дәлелдеп жүргені жөн-ау.

Меңдолла НҰРЫМҰЛЫ

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық